$ 494.87  520.65  4.91

Алматы облысында имам отбасылы әйелді төсекке сүйреп, өлуге мәжбүрлеген (ВИДЕО)

Зорлық- зомбылыққа шыдай алмай, өзін құрбан еткен әйелдің артында күйеуі және үш баласы қалды.

Биылғы жылдың  26 сәуір күні Алматы облысы Ескелді ауданы Қайнарлы ауылдық мешіт имамы Қадір Әмбиеұлының зорлық-зомбылығына шыдамай, өз-өзіне қол салған Нұрғиза Азатханқызының жұбайы Есхат Әйнекбекұлы президентке видео жолдады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаға, Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевқа, ҚР Бас прокуроры Ғизат Нұрдаулет мырзаға! Мен Алматы облысы, Ескелді ауданына қарасты Қайнарлы ауылының тұрғынымын. Есім-сойым - Есхат Әйнекбекұлы. Сіздерге хат жолдап отырған себебім - 2019 жылдың 26 сәуірінде менің жарым Нұрғиза Азатханқызы ауыл молдасы Қадыр Әмбиеұлының мәжбүрлі түрде жыныстық қатынасқа тартып, түрлі хайуандық әрекеттер жасағанына шыдамай, өз-өзіне қол жұмсауы. Заңда шектеу қойылған әрекеттерге барып, үш баламды жетім қалдыруға себепкер болған Қадір Әмбиеұлына тиісті жаза қолдануларыңызды сұраймын», - дейді ашынған әке.

Зорлық- зомбылыққа шыдай алмай, өзін құрбан еткен әйелдің артында күйеуі және үш баласы қалды. Есхат мырза заңды құқықтар аясында отбасының қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін сұрайды. Ол «имам Қадірдің үстінен қылмыстық іс қозғалып, абақтыға жабылсын» дейді.

Видеода ауыл имамымен Нұрғиса Азатханқызының арасындағы ұрыс-керістің де үзінділері бар. Аталмыш бейнематериалда анық естілгендей, ауыл молдасы Қадір Әйнекбекұлының әйелін сүйіп қалғанын, одан өзге ешкімді көре алмайтынын айтқан. Сәйкесінше, өз қалауын, өз айтқанын қылмаса, өлтіретінін жеткізген.

Ал Нұрғиза Азатханқызы өз кезегінде күйеуіне қастандық жасай алмайтынын, оны алдауға дәті шыдамайтынын жеткізіп, біржола өлімге бас тіккенін және өзінің өліміне Қадір Әмбиеұлының кінәлі екенін айтады.

«...Мен сізге айтып келе жатырмын ғой. Мен Есхатты алдап жүре алмаймын. Сіз ер-азаматсыз ғой. Түсініп, бір шешім шығарсаңызшы», - деп жалынады әйел видеодағы дауыстық хабарламасында.

 Бұған жауап ретінде молда өзінің де отбасының ойран болғанын, келісім беруін, келісім бермесе бұл нәрсеге төзе алмайтынын жеткізіп, қоқан-лоқы көрсетеді.

«Мен ешкімге жар болмай-ақ қояйыншы. Мен өлемін. Мен осыған бекіндім. Мен басқа шешім көріп тұрған жоқпын. Е, Алла, бір өзің Есхатқа жар бола гөр! Сенің хайуандығың мені осы жерге дейін апарды», - дейді әйел соңғы хатында.

Әзірге Ішкі істер министрлігі де, ҚМДБ да ешқандай ресми мәлімдеме жасаған жоқ. Желі қолданушылары оқиғаның сұмдық екенін, қылмыс жасаған тарап анықталып, заң бойынша ең қатаң жаза тағайындалуы керек деп жарыса жазуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары