$ 449.3  489.69  4.89

Ораза біз білмейтін тағы қандай ауруларға ем?

Оразаның денсаулыққа тигізер пайдасы көп екені белгілі. Бірақ, соның ішінде ораза адамның бойындағы 5 түрлі дертті жоюға көмектеседі екен.
kp.kz
kp.kz

Қазақстандық кітап-блогер, журналист Марфуға Шапиян оразаның денсаулыққа тигізер пайдасы туралы айтып берді, деп жазады Stan.kz.

Марфуғаның айтынша, оразада адам ағзасындағы ескі, яғни ауру жасушалардың барлығы жоғалып, жаңа жасушалар пайда болады. Бұл тұжырымдаманы 2016 жылы жапон ғалымы Юсунори Асуми оразаның пайдасын дәлелдеп берген зерттеуінде айтқан. Ол бұл еңбегі үшін тіпті Нобель сыйлығын алған. Сонда ол өз зерттеулерінде, адам ашыққан кезде ағзадағы ауру, өлі жасушаларды тірі жазушалардың жей бастайтыны жөнінде айтады. Сөйтіп, ол бұл тұжырымдамасын ғылыми түрде дәлелдеп шықты.

Ғылымда бұл «аутофагия» деп аталады. Яғни, грек тілінде «өзін-өзі» жеу деген мағына береді. Міне, сол секілді біз күні бойы ашыққан кезде ағзадағы ауру жасушалардың барлығын сау жазушаларымыз жеп қояды да, өзін-өзі тазартып шығады екен.

«Жалпы, Алла Тағаланың бізге жаса деген кез-келген парыз амалында адам денсаулығы үшін өте үлкен пайда бары анық»,- дейді Марфуға Шапиян.

Екіншіден, ораза ұстаған адам өзін қант ауруынан сақтайды. Сонымен, ораза қант ауруын емдей алады. 

Қазіргі таңда әлем бойынша қант ауруын емдеудің бір жолы бұл – ашығу арқылы жасалады, дейді блогер. Оның ішінде 10-20 сағатқа ашығумен емдеп жүрген дәрігерлер де  өте көп. 

«Бұл кездері ағзамыздағы қант, одан кейін тері астындағы майлардың барлығы біз ашыққан кезде ери бастайды. Сөйтіп, сол жердегі қордағы энергияны қолдана бастайды. Міне, сондықтан да ауыз ашқан уақытта бізге мүмкіндігінше көбірек су ішу керек. Себебі, су ағзадағы қант пен майды ерітіп, ыдыратуға көп көмек береді»,- дейді Марфуға Шапиян.

Нобель сыйлығының иегері Алексей Скарель өзінің «Белгісіз адам» атты еңбегінде оразаның пайдасы туралы ерекше тоқталып өткен. Ол кітабында оразаның барлық дінде насихатталып айтылып келетінін жазған. Бұған оның денсаулыққа пайдалы болғаны себеп дейді. Соның ішінде қант ауруын емдеуде үлесі зор. 

Үшіншіден, ораза артық салмақтан арылуға көмектеседі. Өздеріңіз білетіндей, артық салмақ, семіздіктің өзі – ауру. Сондықтан, ораза арқылы денсаулығын жақсартқысы келетін адамдарға ауыз ашар мен сәресінде жеңіл тағамдар жеуге кеңес беріледі. Бірақ, бұл жай тіскебасарлар емес, құнарлы тағамдар болуы керек. 

Тағы бір пайдасы – ораза ағзамыздағы тері ауруларынан айығуға көмектеседі. Ораза кезінде адамның іш құрылысында тазарту процестері жүргендіктен, сыртқы ағза да тазара бастайды. Сол себепті тері аурулары үшін де ораза таптырмайтын ем. 

Оразаның денсаулыққа тигізер 5-ші пайдасы туралы айтар болсақ, 16-шы күн мен 30-шы күннің аралығында ағзада дедакцикация жүреді. Өйткені, бұл кезде ағза улы токсиндерден тазарып, оразаның соңғы күндерінде адам сергек жүреді. Ойы, миы тынығып, жақсы жұмыс істей бастайды.

Бұдан басқа, ораза қан қоюлануының алдын алуға, иммунитетті жақсартуға және көздің көруіне жақсы әсер етуі сияқты көптеген аурулардан арылуға көмектеседі.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары