$ 449.3  489.69  4.89

Әлем бойынша ең көп жалақы төлейтін қалалар белгілі болды

Ең көп жалақы алатын қалалардың тізімін АҚШ-ң қаласы көш бастап тұр.
pac.ru
pac.ru

Сарапшылар әлемдегі жалақысы ең жоғары қалаларды атады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Аталған рейтингте Сан-Франциско қаласы көш бастап тұр. Бұл қала бірінші рет осы тізімде алға шығып отыр. Сан-Францискодағы орташа жалақы салықты қоса есептегенде айына 6,52 мың долларды құрайды.

Бұған дейін осы тізімде Цюрих қаласы бірінші болып тұрған. Ондағы орташа жалақы Сан-Францискоға қарағанда 400 долларға кем.

Үшінші орында Нью-Йорк қаласы тұр. Ондағы орташа айлық жалақы 4,6 мың долларды құраған. Ал Бостан қаласы төртінші орында (4,28 мың) болса, Чикаго тізім бойынша бесінші тұр (4,06 мың доллар).
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#қала