22.05.2019, 10:15

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Жер шетелдіктерге сатылмайды»

inform.kz
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жеріміздің шетелдіктерге сатылмайтынын айтты.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жеріміздің шетелдіктерге сатылмайтынын айтты. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Фейсбуктегі парақшасында хабарлады. 

«Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл менің Президент ретіндегі берік ұстанымым! Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қостанай облысында ауыл шаруашылығы мамандарымен болған кездесуде осылай мәлімдеді»,- деп жазды ол.

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Қостанай облысына барған болатын.    

Тегтер: жер Тоқаев