$ 494.87  520.65  4.91

«Эйр Астананың» тағы бір ұшағы Мәскеу әуежайына оралуға мәжбүр болды

Мәскеуден ұшып шыққан «Эйр Астана» компаниясының ұшағы техникалық себептерге байланысты Шереметьево әуежайына қайта оралды.
Time.kz
Time.kz

«Бүгін «Эйр Астана» авиакомпаниясының «Нұр-Сұлтан-Мәскеу (Шереметьево)» бағыты бойынша KZR873 рейсінің ұшағы техникалық себептерге байланысты ұшып шыққан әуежайына қайтып оралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

А321 әуе кемесі сағат 21:57-де сәтті қонды. Бортында 127 жолаушы мен экипаждың 8 мүшесі болды», - делінген ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Азаматтық авиация комитетінің Facebook-тегі мәліметінде.

Айта кетейік, осыдан бірер күн бұрын ресейлік БАҚ «Нұр-Сұлтан-Мәскеу» рейсін орындау үшін Шереметьево әуежайынан ұшып шыққан «Эйр Астана» ұшағы қозғалтқышындағы ақауға байланысты қайта оралуға мәжбүр болғанын жазған еді.

Алайда, кейін «Эйр Астана» әуекомпаниясы ұшақтың әуежайға апаттық жағдайда қонғаны туралы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

«16 мамыр күні Нұр-Сұлтан - Мәскеу бағыты бойынша КС873 рейсімен ұшып шығуы тиіс ұшақ 40 минутқа кешікті. Оған «кейінге қалдыруға болатын жарамды дефект» себеп болған. Дегенмен, ол ақау ұшақты одан әрі эксплуатациялауға мүмкіндік берерлік деңгейде шағын болған», - деп мәлім еткен еді компанияның баспасөз қызметінен.

Хабарланып отырғандай, экипаж командирі Шереметьево әуежайына қонбас бұрын шектеулерді есепке ала отырып, тоқтау үшін ұзақ жолақтың қажет болуына байланысты әуежайдың ұшып-қону жолағын толық беруді сұраған.

«Әуе кемесінің командирі ешқандай апаттық қону жағдайы туралы хабарлаған жоқ. Қону штаттық режімде жүргізіліп, жолаушылар терминалдың «жеңі» (телетрап - авт) арқылы шықты. Кейінге қалдыруға болатын жарамды дефект - әуе кемесінің идентификациялық ақауы. Оған Минималды құрылғы тізімінің (MEL) немесе Конфигурацияның ауытқушылық тізімінің шегіндегі ақау ретінде баға берілді. Ақау көрсетілген шек деңгейінде қалпына келтірілді», - делінді хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары