$ 494.87  520.65  4.91

Түркістан облысындағы ауыл тұрғындары құрттап кеткен су ішіп отыр

Түркістан облысының Ордабасы ауданы тұрғындары тұтынып отырған ауыз судан құрт шығып жатыр.
agronet.ua
agronet.ua

Құбырдан аққан судан сүзіп алған құртты дәлел ретінде көрсету үшін, оны видеоға түсіріп алған, деп Stan.kz.

Түркістан облысына қарасты ауыл тұрғындары тұтынып отырған ауыз судан құрт шығып жатыр

«Төрткөл ауылының ауыз суы мынадай болып жатыр. Сүзіп едік құрттар шықты»,- дейді ауыл тұрғыны.

Төрткөл ауылының тұрғындары өздері тұтынып отырған судан шыққан құртты көріп, жағаларын ұстаған. Күнделікті қолданатын әрі ішкі ағзаға барар ауыз су болғандықтан, денсаулығымызға алаңдап дабыл көтеруге мәжбүр болдық дейді. 

«Құрт шыққанын өз көзіммен көрдім. Өз көзіммен шелегіме ағып тұрған құртты да түсіріп алдым. Талай ұрыстым, карта ойнап жатқан жеріне де бардым ешқандай нәтиже шыққан жоқ. Ай сайын келіп, судың ақшасын бер, судың ақшасын бер дейді. Ай сайын 500 теңгеден беріп тұрмын»,- дейді ауыл тұрғыны.

Судан шыққан құртты көрген халық дереу бейнетаспаға түсіріп, бір-біріне жолдап, ескерту жасапты. Алайда, су мекемесіне айтылған ескертулер жауапсыз қалды дейді. Аудандық шаруашылық коммуналдық бөлімінің жауапты мамандары ауыз судан құрт шықты деген дерекпен келіспейтінін айтады. Санитарлық тазалық сақталады, тексеруші мамандар бар дейді. Дегенмен, Төрткөл елді-мекенінде су тазалайтын қондырғылар ескіргенін мойындап отыр. 

«Санэпидемстанция бойынша бізде айына екі рет су жүйелеріндегі жалпы аудан бойынша су жүйелерін залалсыздандыру жүргізіледі. Төрткөл ауылы бойынша наурыз айында 16 миллион бактерицидтік қондырғылардың ескіруіне байланысты жаңасын орнатуға қаржы бөлінді. Енді 1-2 аптаның ішінде орнату жоспарлануда»,- дейді Ордабасы аудандық ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Асқар Балабиев.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары