22.05.2019, 16:45

Қазақстанның үш өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

фото: inform.kz
Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Алматы қаласында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары мен Алматы қаласында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Жаңбыр жаууына байланысты 22-23 мамырда Алматы өзендерінде судың деңгейі көтеріліп, су тасқыны және беткейлік ағын болуы мүмкін.

23 мамырда Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашын жауып (жаңбыр, қар аралас жаңбыр), кей жерлерде найзағай ойнауы мүмкін. Сондай-ақ, дауыл соғып, бұршақ жаууы ықтимал. Батыстан соғатын желдің бағыты солтүстік-батысқа ауысып, жылдамдығы 15-20 м/с-ке жетеді. 

23 мамырда Қостанай облысында таңертең және күндіз кей жерлерде найзағай ойнап, оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с болатын жел соғуы ықтимал.