Қарағанды облысы аудандық білім департаментінің басшысы Айнагүл Ақмағамбетова жазаланады. Оның мектеп бітіруші қызына ҰБТ-да жоғары балл жинауға көмектескені белгілі болды деп хабарлайды 31-арнаға сілтеме жасаған NUR.KZ.
Тестілеу наурыз айында өткен. Абитуриенттердің бірінің анасы Айнагүл Ақмағанбетова мемлекеттік комиссияның төрайымы болды.
Ақмағанбетованың қызы ҰБТ-ны телефонның көмегі арқылы тапсырып шығып, 103 балл жинағаны хабарланды.
Алайда ережеге қарсы келетін әрекет бірден анықталмаған.
Мемлекеттік қызмет департаментінің мамандары видеоны көру барысында заң бұзушылықты анықтады.
Емтихан кезінде жауап қабылданып қойғандықтан, ҰБТ нәтижелері жойылмады.
Сондықтан қыздың баллы сол қалпында қалды.
Бірақ мектеп түлегі мемлекенттік грантқа таласа алмайды.
Оның тапсырған тестті ақылы бөлімге арналған.
Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының басшысы Жандос Сәрсенов аудандық білім бөлімінің басшысын жаза күтіп тұрғанын айтты.
«Әріптестер бұл жерде заңға қайшы әрекет бар. Этикалық кодекс. Сондықтан қатаң сөгіс жариялауды ұсынамын», – деді ол.