Қостанай облысы Александр мен Октябрь ауылдық округтерінің әкімдері жемқорлық факітісі бойынша қамауға алынды деп жазады «Наша газета» порталы Қостанай аудандық әкімдігіне сілтеме жасап.
«5 қараша күні Александр ауылдық округінің әкімі Ақылдос Қаратаев пара алып жатқан жерінен ұсталды. Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы күрес мамандарының айтуынша, әкімнің қолында 100 мың теңге көлемінде ақша болған. 9 қараша күні Октябрь ауылдық округінің әкімі Темірхан Рымбаев те пара алып жатқан жерінен қолға түсті. Бүгінгі таңда екеуі де ешқайда кетпеу туралы қолхат жазып, үйлеріне жіберілді» дейді Қостанай аудандық әкімдігі аппаратының басшысы Азамат Қашиев.
Қос әкім туралы қаржы полициясының өкілдері мәлімдеме беруден бас тартты. Ал, олардың қоластында істейтін мамандар басшыларын кезекті еңбек демалысында екенін айтып отыр.