Шығыс Қазақстан облысы 1-май ауылында 8-сынып оқушысы Сергей Журавлев жоғалып кетті, деп жазады YK-news.kz.
2004 жылы туған баланың туыстары редакцияға хабарласып, 20 мамыр күні сағат 07:30-да Сергей үйлерінен шығып кеткенін айтқан. 3 күн өтсе де оқушы үйіне оралмаған. Полицияға да хабар берілген.
Сол күні Сергей үстіне көк жемпірмен көп шалбар және аспан көк көйлек киіпті. Сондай-ақ ол қара рюкзат асынған болуы да мүмкін екен.