Бұрын сотталған 32 жастағы педофил Алматыдағы сауда бірінде 7 жастағы қыз баланы зорламақ болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Әйелдің осы оқиға туралы баяндаған хабарламасы әлеуметтік желілерде тарап кеткен.
«Маньяк дәретхана ішінде күтіп отырған. Қыз дәретханаға кіргенде анасы сыртта күткен. Ер адам кірген қызды ұстап алып, кабинкаға кіргізеді. Сол жерде қызға анайы видео көрсетеді. Көрші кабинкада болған әйел сол дыбысты естіп, күзет пен полиция шақырды. Әлгі адам қыз баланы зорламақ болған», – дейді хабарламаның авторы.
Жұма күні таңертең Алматының полиция департаменті бұл деректі растады.
«Кәмелетке толмаған қыз балаға қарсы қылмыс жасады деген күдікті ҚР ҚК 128 бабы бойынша қамауға алынды. Ол Ақтөбе облысының 32 жастағы тумасы. Бұрын да кәмелетке толмаған балаға зорлық жасағаны үшін сотталған. Қазір күдіктінің әрекеті ҚР ҚК бірден екі бабы: 121 бап, 4б және 124 бап, 1б бойынша қаралуда. Тергеу ісін Бостандық ауданының полиция басқармасы жүргізуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу барысы Алматы полициясы мен қала прокуратурасының бақылауында», -деп хабарлады Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.