$ 444.22  476.38  4.82

Алматыда қалың қардан ағаштар құлап жатыр

Алматыда жауған қардың салмағын көтере алмаған ағаштар сынып жатыр. Адамдар жапа шекпесе де, темір тұлпарлары құлаған ағаштардың астында қалған, деп хабарлайды Алматы арнасы.

 

Көліктердің, жаяу жүргіншілердің қозғалуы тым қиындап кеткен. Жауаптылар төтенше жағдайға тап болмас үшін теректердің астымен жүрмеуге және онда көліктерін қаңтармауға кеңес беруде. 

Қазір Алматының құтқарушылары мен коммуналдық қызмет өкілдері қызу жұмысқа кіріскен. Олар жауған қардың салдарынан құлаған ағаштарды тазалау үстінде. 

«Қала аумағындағы жауған қардың салдарынан құлаған ағаштар бойынша Құтқару қызметіне 36 хабарлама түсті. Олардың 13-і автокөліктерге құлаған ағаштар бойынша, 21 хабарлама жаяу жүргіншілер жолына байланысты және екеуі балабақша аумағына құлаған»,- деді «Алматы қаласының құтқару қызметі» МКК баспасөз қызметінің жетекшісі Гауһар Нөкербекова. 

Жыл басынан бері Алматыда 100-ге жуық ағаш құлаған. Оның жиырмасы автокөліктерді зақымдапты. Қазіргі таңда әр аудан әкімдіктері апаттық жағдайдағы ағаштарды кесіп, орнына жаңасын отырғызып әлек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары