$ 494.87  520.65  4.91

БАҚ: Париждегі лаңкестік әрекетті Бельгия азаматы жоспарлаған

Францияның Бас прокуратурасы Париждегі лаңкестік әрекетті ұйымдастырған 5 жанкештінің тұлғасын анықтады, деп жазады Haber7.com- ға сілтеме жасап 24kz.

Олардың бірі – «Батаклан» концерт залында шабуыл ұйымдастырған Франция азаматы Сами Амимур. Қазір француз полициясы Амимурдың 3 жақынын ұстады. Бас прокуратура футбол стадионындағы алғашқы жанкештінің 1990 жылғы сириялық Ахмед әл-Мұхаммед екенін және оның Грекиядан пана тілеп, кейін Францияға бас сауғалап келгенін анықтап отыр. Франция үкіметі өкілдерінің мәлімдеуінше, жанкештінің саусақ таңбалары паспорттағы таңбаларға сәйкес келеді. Демалыс күндері «Батаклан» және стадионда шабуыл ұйымдастырған 3 лаңкестің тұлғасы анықталды. Олардың бірі «Батакландағы» шабуылды жасаған Омар Ысмайыл Мостефай екені белгілі болды. Ал Франция стадионындағы екінші жанкештінің 1995 жылы туылған Франция азаматы Біләл Хадфи екенін жазған едік. Тағы бір содыр 31 жастағы Ибрагим Абдеслам Вольтер желекжолында жанкешті жилетін іске қосқан. Бұған дейін Францияда оның інісі 1989 жылғы Салах Абдесламға іздеу жарияланған еді. Бұған қоса Франция билігі шабуылдар мен жарылыстарды Бельгия азаматы Абделхамид Абаауд жоспарлағандығын мәлімдеп отыр, деп жазады Бельгия порталы Capital.bg.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары