«Дос-Мұқасан» тобының әншісі Мұрат Құсайыновқа әуежайда болған оқиғаға байланысты айыппұл салынды. Әншінің ісі Нұр-Сұлтандағы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында қаралған болатын, деп хабарлайды SN.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Әнші 12 625 теңге мөлшерінде айыппұл төлейтін болды. Айта кетейік, Құсайынов әуежайдағы тексеріс кезінде кеден қызметкерлерін балағаттап, қоғамдық тәртіпті бұзды деп айыпталған болатын. Мәдениет қайраткері сот шешімімен толықтай келісіп, өз кінәсін мойындады.
Сот шешіміне қатысты желі қолданушылары «Дұрыс, заң бәрімізге ортақ», «Бәке-сәкенің дәуірі өтті, заң алдында барлығымыз теңбіз» деп пікір қалдырған.