28.05.2019, 09:38

Атырауда жүкті әйел кесареводан кейін қайтыс болды

Фото: NewTimes.kz
«Әр ананың өлімі біз үшін трагедия. Әзірге сараптама қорытындысын күтіп отырмыз. Сосын қызметтік тексеріс жүргіземіз», – дейді ол.

Атырау облыстық перинатальды орталықта 24 жастағы жүкті әйел қайтыс болды, деп жазады azh.kz. 

Бас дәрігер Қуаныш Нысанбаев әйелдің қайтыс болғанын растап отыр. 

«Ол бізге 24 мамырда түскен. Ай-күні жеткен, тура 9 ай болған. 25 мамырда кесарево жасадық. Арада 4 сағат өткенде жағдайы нашарлай бастады. Біздің тәжірибелі дәрігерлер оның өмірін аман алып қалу үшін күресті. Алайда тек сәби ғана тірі қалды»,  – дейді Нысанбаев. 

Дәрігер өлім себебін білу үшін сараптама қорытындысын күткен дұрыс дейді.

«Әр ананың өлімі біз үшін трагедия. Әзірге сараптама қорытындысын күтіп отырмыз. Сосын қызметтік тексеріс жүргіземіз», – дейді ол.