28.05.2019, 10:47

«Үш бала сатылады»: Ақтаудағы атышулы хабарландырудан үйдің үлкендері хабарсыз болып шықты

Фото: Tengrinews.kz
Хабарландыруды ғаламторға 10 жастағы бала орналастырған.

Тәртіп сақшылары балаларды сатпақ болған адамды анықтады. Маңғыстау облыстық полиция департаментінің ақпаратына сүйенсек, елді шулатқан хабарландыруды ғаламторға 10 жастағы бала орналастырған болып шықты.

Ата-анасы бұл жайттан бейхабар болса керек. Кейінірек хабарлама сайттан алынып тасталды.

Айта кетейік, жергілікті тұрғындардың бірі балалар саудасы жайлы хабарландыруды байқап, тілшілерге хабар берген.

Дереккөз: Tengrinews.kz         

Тегтер: Ақтау