$ 444.22  476.38  4.82

Алматы облысында болған жол апатынан бүтін бір отбасы қайтыс болды

Екінші көліктегі туыстарының айтуынша, сол жақтағы көлік бірден бұрылып, Lexus RX 300 автокөлігіне соққан. Lexus 100 метрдей жерге аударылып кете берген.
Фото: nur.kz
Фото: nur.kz

Алматыдағы жол-көлік оқиғасынан отбасы мүшелерінің бір де біреуі аман қалмаған. Қайғылы жағдай 26 мамыр күні Алматы-Өскемен тасжолына 95 шақырым қашықтықта болған, деп хабарлайды 24.kz.

«Қызы мен әкесі 27 мамыр күні таңертең ауруханада көз жұды. Анасы сол жерде қайтыс боп кеткен», - деп хабарлайды Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова. 

Қапшағай тасжолында Үштөбеден қалаға қарай екі көлік келе жатқан. Lexus RX 300 автокөлігін әйел жүргізген. Екінші көліктегі туыстарының айтуынша, сол жақтағы көлік бірден бұрылып, Lexus RX 300 автокөлігіне соққан. Lexus 100 метрдей жерге аударылып кете берген. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Алматы