$ 447.4  477.55  4.76

«Нұр Астана» мешіті жанынан интернет радио іске қосылды

Радиодан имамдар мен ұстаздардың бесін, жұма уағыздарын және тақырыптық сабақтардың аудионұсқалаларын тыңдауға болады. Алдағы уақытта танымдық мақалалардың аудионұсқалары эфирде оқылады.
фото: YouTube
фото: YouTube

Ғаламтор желісі арқылы аудиоақпарат тарататын «Ummet» радиосы тікелей эфирде жұмыс істейді. 

«Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты сайттардың ішінде алғашқы болып осы форматта жұмыс істейтін интернет радиодан рухани біліммен сусындай аласыздар», деп хабарлайды «Нұр Астана» мешітінің қызметкерлері. 

ҚМДБ имамдары мен ұстаздарының бесін, жұма уағыздарын және тақырыптық сабақтардың аудионұсқалаларын тыңдауға болады.

Сондай-ақ, алдағы уақытта «Ummet.kz» рухани-ағарту сайтындағы танымдық мақалалардың аудионұсқалары эфирде оқылады. 

Дереккөз: Ummet.kz

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары