Атырауда 2 жасар нәресте көлік астына түсіп, мерт болды. Бұл туралы Атырау облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова мәлім етті, деп хабарлайды «Қазақпарат».
― Қайғылы оқиға Құрманғазы ауданына қарасты Ақкөл ауылының орталығында орын алды. «Нисан» көлігімен келе жатқан 28 жастағы ауыл тұрғыны бала тосыннан жолға жүгіріп шыққан кезде дер уақытында әрекет жасай алмады. 2 жастағы сәби алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты, ― деді ол.
Г.Мұхтарованың атап өтуінше, ҚР ҚК 296-бабы 2-бөлімінде көрсетілген «Көлiк құралдарын жүргiзушi адамдардың жол қозғалысы және көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзып, абайсызда кiсi өлiмiне әкелу» бойынша қылмыстық іс қозғалды.