$ 444.22  476.38  4.82

Екібастұзда жүргізуші әйел 12 жастағы жасөспірімді қағып өлтірді

29 мамыр күні сағат 17:27-де 1959 жылғы әйел Hyundai Tucson автокөлігімен 2007 жылғы баланы жаяу жүргіншілер жолағында басып кеткен.
Фото: Хабар 24
Фото: Хабар 24

Жүргізуші әйел қазір уақытша қамау изоляторында жатыр, деп жазады  pavlodarnews.kz.

Павлодар облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға Абай көшесінде болған. 

29 мамыр күні сағат 17:27-де 1959 жылғы әйел Hyundai Tucson автокөлігімен 2007 жылғы баланы жаяу жүргіншілер жолағында басып кеткен. Өкінішке қарай жеткіншек сол жерде көз жұмды. 

Полиция департаментінің хабарлауынша, әйел уақытша қамау изоляторында. Қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. 

Жедел жәрдем бригадасы қоңырау түскеннен кейін 3 минуттан соң жеткен. Марқұмды дәрігерлер биологиялық өлім деп тіркеуге алды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Екібастұз