$ 494.87  520.65  4.91

«Самокатпен жүргеннен Алмалы ауданында дүние төңкеріліп кетсе, маған келіңіздер»: журналист әкімді сынға алды

Оның жазуынша, біздегі шенеунік біткен велосипедке отырса да, автобуспен бір рет жүрсе де, әйтеуір өздерін көрсетуге дайын тұрады.
Фото: zakon.kz
Фото: zakon.kz

Алмалы ауданының әкімі Бекқали Торғаевтың қалада самокатпен жүргені  туралы жаңалыққа байланысты журналист Ришат Асқарбекұлы «Осы кісілер показуханы қашан қояды», деген ой білдірді өзінің Facebook парақшасында.

Оның жазуынша, біздегі шенеунік біткен велосипедке отырса да, автобуспен бір рет жүрсе де, әйтеуір өздерін көрсетуге дайын тұрады.

«Осы кісі Бостандық ауданында әкім болып тұрғанда, «Көктем-2» шағын ауданының тас қараңғы ауласына екі жыл айтып, жарық шамдары мен бағандарын орнатқыза алмап едік. Орынбасарлары да, ЖКХ-ға жауапты мамандары да өтірік айтудың шеберлері еді. Самокатпен жүргеннен Алмалы ауданында дүние төңкеріліп кетсе, маған келіңіздер. Қала билігі қаражатты орталыққа төгіп, жылда сипалай береді. Алатау ауданына барып жүріп көрсінші самокатымен. Онда баруды алыс десе, «Думан»  шағын аудандарының көшелерімен бір жүріп өтсінші» дейді Ришат Асқарбекұлы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары