Венгрия астанасы Будапештегі Дунай өзенінде қайық суға батып кетті. Оның бортында 32 адам болды. Соңғы мәліметтерге жүгінсек, 7 саяхатшы мерт болған, 16 адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды BBC ақпараттық агенттігі.
MTI ақпарат агенттігінің мәліметінше, қайықтағылардың басым бөлігі Оңтүстік Кореяның туристері екен. Жоғалғандардың арасында басқа мемлекет туристерінің бар-жоғы белгісіз.
Белгілі болғандай туристер мінген қайыққа үлкен кеме соғылған.