30.05.2019, 11:00

Ірі көлемде пара алған синоптиктер соты басталды

Фото: sprotyv.info
Қос басшыға ауа райын болжауға қажетті радар қондырғыларын сатып алу бойынша кәсіпкерден 26 миллион теңге алды деген айып тағылған.

Нұр-Сұлтанда «Қазгидромет» республикалық мекемесі бас директорының бұрынғы бірінші орынбасары Нұркен Сұлтанов пен Қарағанды облыстық филиалының директоры Роман Андриановқа қатысты сот отырысы басталды, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Қос басшыға ауа райын болжауға қажетті радар қондырғыларын сатып алу бойынша кәсіпкерден 26 миллион теңге алды деген айып тағылған. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері оларды биыл 17-ші қаңтарда үлкен көлемдегі ақшаны алып жатқан сәтінде қолға түсірген болатын. Олар осындай жолмен тендер бойынша радар сатып алып беретін кәсіпкерден ақша алмақшы болыпты. Айыпталушылардың екеуі де сот отырысында бет-жүздерін камераға түсіруге қарсы болған.