«Жас дәурен» балалар сауықтыру лагерінің базасында жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында «Жігерлі жастар» І облыстық көшбасшылар лагері ұйымдастырылды. Шараға облыстық «Жігер» жастар қозғалысының үйлестірушілері мен жетекшілерінен құралған 100 адам қатысты.
Шараның мақсаты жастардың партиоттыққа баулу. Шараға қатысқан 100 адам Қазақстандағы проблемаларды, оларды шешу жолдарына арналған тренигтерге қатысып, өз ойларын жеткізді. Еліміздің дамуына қалай үлес қоса алатындарын жеткізді. Өздерінің партиот екенін дәлелдеді.
«Жігер» жастар қозғалысына техникалық және кәсіптік колледждердің студенттері кіреді.
Жас көшбасшылар бес командада жұмыс істеді. Олар шеберлік-сыныптарға, тренингтерге, байқаулар мен спорттық жарыстарға қатысты. Сонымен қатар қатысушылар жастар қозғалысының одан арғы қызметін, қазіргі проблемалар мен олардың шешімдерін талқылады. Лагерьге жиналғандар үшін Қарқаралы ұлттық паркіне экскурсия және үш бағыт бойынша туристік сапар ұйымдастырылды.
Лагерь жұмысының қорытындысы бойынша командалар кубоктармен және дипломдармен марапатталды.
Іс-шараны Қарағанды облысының білім басқармасы және «Сарыарқа дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығы облыстық «Жігер» штабымен бірлесіп ұйымдастырды.