$ 494.87  520.65  4.91

Текеліде домна пештері салынуда

Алматы облысының Текелі қаласында шойын өндіретін домна пештерінің құрылысы жүргізілуде. Бұл жаңа нысан – қала түзуші кәсіпорындардың қатарына қосылмақ, деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Жобаны «ТГПК» ЖШС жүзеге асыру үстінде, құрылыс жұмыстары жеке инвестиция есебінен жүргізіліп жатыр. «ТГПК» ЖШС директорының бірінші орынбасары Александр Печоркиннің айтуынша, құрылысқа бүгінгі күні 600 адам тартылған. Олардың арасында жергілікті мамандармен қатар Теміртау қаласынан келген мамандар да бар.

Әрқайсысы 206 текшеден 2 домна пеші салынуда, олар жылына 400 тоннадан шойын балқытады. Бұл орайда домна пештеріне қажетті шикізаттың бір бөлігі осы аумақтағы байыту фабрикасында өндіріледі. Қазіргі кезде ол жерде де жаңғырту жұмыстары жүріп жатыр, - деді жобалау-конструктивті бөлімнің бастығы Сергей Клиновицкий.

Құрылыстың жалпы алаңы 10 га шамасында.  Нысанды 2016 жылдың 2-тоқсанында іске қосу жоспарланған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Текелі #домна