$ 494.87  520.65  4.91

Париж іргесінде тағы да қарулы қақтығыс басталды

Жуырда ғана Франция астанасында орын алған лаңкестік жайттарды зерттеу мақсатында Париж іргесінде тексеру жүргізіп жатқан құқық қорғаушылар қарулы шабуылға тап болды деп хабарлайды Liberation.

РИА Новости агенттігінің мәлімдеуінше, тәртіп сақшыларын суық қаруланған топ қоршауға алып, артынша екі тарап атысқан.
«Сен-Дени елдімекеніндегі атыс Париждегі лаңкестікке қатысы бар тұлғаларды іздестіру барысында орын алды» деп хабарлады iTele телеарнасы. Алдын ала таратылған мәліметтерге сәйкес, бірнеше полицей ауыр дене жарақаттарын алған.
Қазір оқиға орнына жедел жәрдем мен арнайы жасақ өкілдері жұмылдырылды. Өзге мәліметтерді ресми органдар таратпай отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары