$ 444.22  476.38  4.82

Қарағанды облысында өтетін фестивальде соғыс жылдарындағы әндерді шырқалмақ

Сахна төрінде 55 пен 85 жас аралығындағы 450 әнші өнер көрсетеді.

Қарағанды облысында «Ардагерлер ән салады» атты хор ұжымдарының дәстүрлі фестивалі өтеді. Биылғы жылы бұл шара 29-шы рет өткізілгелі отыр. Ән фестивалі Жеңіс Күніне және Кеңес Одағының Батыры Нүркен Әбдіровтың 100 жылдық мерейтойына арналады. 

«Ардагерлер ән салады» XХІХ Облыстық фестивалі 3-ші мамырда Жезқазған қаласының Достық және халықтар мәдениеті үйінде өтеді. Шараға облыстың барлық қалалары мен аудандарынан 20 хор ұжымдары жиналады деп күтілуде. Сахна төрінде 55 пен 85 жас аралығындағы 450 әнші өнер көрсетеді. Қатысушылар соғыс жылдарындағы және патриоттық әндерді шырқайтын болады. 

Фестиваль таңертеңгі 10.00-де мерекелік шерумен басталады. Шараға қатысушылар Жеңіс көшесінің бойымен өтіп, «Даңқ аллеясы» мемориаланың алдына гүл шоқтарын қояды. 12.00-де Достық үйінде концерттік бағдарлама басталады. 

Фестивальді Қарағанды облысының Мәдениет, мұрағаттар және құжаттар басқармасы мен Қазақстан Республикасы ардагерлер Ұйымының облыстық филиалы бірлесіп ұйымдастырып отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары