31.05.2019, 09:37

«Дос балам зорлап кетті»: 18 жастағы бойжеткен сұмдық жағдайдың басын ашты

Фото: Teleprogramma.pro
Ал желі қолданушылары арыз жазуға әлі де кеш емес екенін айтып, гинекологқа баруға кеңес берді.

Нәбәрі 17 жасында зорланған қыз бала осыдан бір жыл бұрын болған сұмдық оқиғасын айтып берді. Бойжеткен бұл туралы Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшалардың бірінде жазған. 

«Жасым – 18-де. 1 жыл бұрын мені дос балам зорлап кетті. Мен ешкімге айтпадым. Қатты қорқамын. 

Ертеңгі күні тұрмысқа шықсам не болады? Гинекологқа қаралайын десем ұяламын. Не істесем болады? Күнде ойлаймын. Қиналып кеттім»,  – деген ол көпшіліктен кеңес сұрады. 

Ал желі  қолданушылары арыз жазуға әлі де кеш емес екенін айтып, гинекологқа баруға кеңес берді. 

Тегтер: зорлық