Үкіметтің Ақордадағы кеңейтілген отырысы барысында Шөкеев «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорды өзгерту шеңберіндегі ойда бар дүниелерді жүзеге асыру үшін тәртіптің қажет екенін айтты. «Өзгертулер шұғыл әрі тікеден-тік орындалу үшін", - деді қордың басшысы.
«Ол тәртіпті кім орнатады?», - деп сұрады Назарбаев. «Өзгертулер тәртібі дегенім ғой, бүкіл холдинг бойынша сондай команданы тікеден-тік жіберу үшін менде құқықтың болғанын қалаймын», - деп жауап берді Өмірзақ Шөкеев.
«Сені тыңдамай ма?», - деп сөзін жалғады Президент. «Тыңдамайды дегенде, мысалы, мен өкілдіктер бойынша (Шетелдегі «Самұрық-Қазына» - Авт.) бір жыл бұрын басқарма шешімін шығардым, бірақ түрлі себептермен ол өкілдіктер әлі жабылған жоқ», - деді Шөкеев.
«Сен жассың, білімдісің, күшің тасып тұр, саған өкілеттілік берілді, қызметің бар, сен мені тыңдамайды деп шағымданбақшысың ба? Тыңдаудың өзі ыңғайсыз. Кім тыңдамайды, ал айт? «Самұрық-Қазынада» Өмірзақты кім тыңдамайды?», - деп сұрады Мемлекет басшысы. «Ол жерде мүдде жетерлік, маған сіздің бір ауыз сөзіңіз керек, болды», - деп жауап берді Шөкеев