Оқиға темір жол өткелінде болған. Медициналық сараптама көлік жүргушісінің ішімдік ішкенін анықтады, деп жазады YK-news.kz.
Полицейлердің мәліметінше жол апаты 30 мамыр күні сағат 04:30 шамасында «Жансая» базары маңындағы темір жол өткелінде болған.
«20 жастағы мас жүргізуші шлагбаумның жабық екеніне қарамай өткелді кесіп өтпек болған. Салдарынан «Павлодар — Алматы» бағытындағы пойызбен соқтығысқан. Қатты жарақат алғандар жоқ. Медициналық сараптама жүргізушінің ішімдік ішкенін анықтады», – дейді ШҚО полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Нұрғазина.
Жүргізуге әкімшілік хаттама толтырылды.