31.05.2019, 17:30

Министрлік 11 адамның өмірін жалмаған Қордайдағы жол апатының себебін болжады

Соқтығысқан екі көлікті айналып өтпек болған автобус жыраға құлап кеткен. Жолаушыларға толы рейс осы кезде аударылып кеткен.

Ішкі істер министрлігі Қордай маңында 11 адамның өмірін жалмаған жол апатының қалай болғанын болжады, деп жазады Bnews.kz.

Соқтығысқан екі көлікті айналып өтпек болған автобус жыраға құлап кеткен. Жолаушыларға толы рейс осы кезде аударылып кеткен. 

Бұл ішкі істер министрлігінің тек алдын ала болжамы. Нақты шешім әлі шықпады. Тергеу эұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Еске сала кетейік, 20 сәуір күні Қордай маңында жол апаты болып, 11 адам мерт болған еді. Олардың ішінде Өзбекстан және Қазақстан азаматтары бар. Автобус жүргізуші уақытша қамауда отыр. 

Тегтер: Қордай