Атышулы Замира Сұлтан «Қалаулым» бағдарламасында өзін «азаматтық некеде тұруға ұялмайсың ба?» деп сынаған Исламға жауап берді. Бұл туралы ол «Ретро» жобасына берген сұхбатында айтты. «Ислам маған «Сен деген азаматтық некеде тұруға ұялмайсың ба?» деді. Мен сол кезде айтайын дегенмін «айналайын, сен қызды 1 жыл қолдануға ұялмайсың ба?» деп. Шынарды қолданды ғой. Мен деген сендерге қарағанда өте тазамын. Бір еркекпен жатып, бір еркекпен тұрамын» деп айтқым келген. Ұятым бар ғой деп айтқан жоқпын», – деді Замира.
Айта кетейік, Замира Сұлтан бұған дейін журналист Мұхит Сапарбаевқа берген сұхбатында «Басқасы ұрса, айырып жіберер ем» деп жігітінен қалай таяқ жегенін айтып берген болатын.