01.06.2019, 15:06

Алматы облысында жол бойындағы сұлба жүргізушілерді шошытты

"Қазавтожол"
Жол сақшылары қолға алған шараның мақсаты – жол апаты мен құрбандар санын азайту болса керек.

Алматы облысында жол қозғалысы қауіпсіздігін насихаттауға арналған арнайы акция өтті. Шараны «ҚазАвтоЖол» ҰК» филиалы мен жергілікті полиция департаменті ұйымдастырды, деп хабарлайды SN.kz тілшісі.

Ұйымдастырушылар республикалық маңызы бар «Алматы-Бішкек» автожолының бойында жылдамдықты шектеу белгілерін қойып, арнайы плакаттар әзірлеп жүргізушілерді жол ережесін бұзбауға, жылдамдықты асырмауға шақырды. 

Сондай-ақ, жүргізушілерге жол жүру ережелері жазылған ақпараттық таратпа қағаздар берілді.

Акцияның басты мақсаты – жылдамдықты шамадан тыс асыру және жол ережесін сақтамау салдарынан жол-көлік оқиғалары жиілеп қара жолдың бойында қаза тапқандар санының артқанына халықтың назарын аудару, жүргізуші мәдениетін арттыру.

Айта кетейік, 2018 жылы «Алматы-Бішкек» автожолында 171 жол-көліктік апаты тіркелген. Апатта 49 адам қаза тауып, 280 адам жарақат алған.