Полиция майоры Қарағанды қаласындағы Фёдоров су қоймасында суға кеткен ер адамды аман алып қалды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қарағанды қалалық полиция басқармасының жергілікті полиция аға инспекторы Дастан Азанбаеков інісімен бірге 2 мауысымда жеке көлігімен түскі үзілісте үйіне кетіп бара жатқан уақытта суға батып жатқан адамды көрген. Інісі осы уақытта телефонына видеотүсірілім жасаған.
Полиция қызметкері дереу құтқаруға асыққан, ал інісі «102-ге» қоңырау шалған.
Оқиға орнына келген дәрігерлер түншыққан ер адамға көмек көрсетіп, ауруханаға жеткізген. Ер адам жағада балық аулап отырып, артынша суға шомылмақшы болып, аяғы тартылып қалған.