$ 494.87  520.65  4.91

Елордада өткен жәрменкеде тұрғындар сағаттап кезекте тұрды

Азық-түлік жәрмеңкесін Түркістан облысы ұйымдастырып жатқандықтан, онда әдеттегідей жеміс-жидек, көкөніс өнімдері көп болды.
Фото: Otyrar.KZ
Фото: Otyrar.KZ

Нұр-Сұлтанда жыл сайын ұйымдастырылатын облыстардың азық-түлік жәрмеңкесі өтуде. Маусымның 1-інен бастау алған игі бастаманы Түркістан облысы бастап берді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Таңғы 9-дан басталған жәрмеңкеге келушілердің санында шек болмады. Олар түрлі азық-түлік өнімдерін алу үшін кезекке тұрды. Азық-түлік жәрмеңкесін Түркістан облысы ұйымдастырып жатқандықтан, онда әдеттегідей жеміс-жидек, көкөніс өнімдері көп болды.

Айта кетерлігі, азық-түлік жәрмеңкесіне облыстың басты аудандарының барлығы дерлік қатысқан. Олардың арасында әсіресе Төле би, Сарыағаш сияқты өңірдегі ірі аудандардың ұсынған азық-түлік өнімдері көп болды.

"Бағалар қолжетімді. Бәрі бар, қала адамдарына ауылдың таза өнімін сатып алатын таптырмас мүмкіндік деп ойлаймын. Жаз бойы келесі облыстардың да жәрмеңкелерін асыға күтетін боламыз", - дейді қала тұрғындары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары