«Анам асылып қал деді»: зорланып, жүкті боп қалған 21-дегі бойжеткен жұрттан кеңес сұрады
Амансыздар ма, қымбатты оқырман! Мүмкін болса есімім жасырын болса деймін. Менің ешкіммен бөлісе алмайтын бір сырым бар. Сіздердің ақыл-кеңстеріңіз керек боп тұр. Аяғына дейін оқып ақыл қосыңыздаршы өтініш.
Менің жасым 21-де. Алматы қаласында жоғары оқу орнында 3-курс оқимын. Үйде жалғыз қызбын. Құдайға шүкір менде бəрі бар. Аллаға мың да бір шүкір. Бірақ һзім сондай ақымақпын. Неге дейсіз ғой?
Мені 17 жасымда ауылдағы бір наркоман бала зорлап кеткен. Ол өзінше жеке əңгіме. Сол жігіттен аяғым ауыр боп қалып, ол туралы ешкімге айтпай жүре бердім. Сөйтіп ата-анам менің жүкті екенімді ішім шыққанда бірақ білді. Оларға сол кезде болған жайды айттым. Сонымен босанып, балам шетінеп кетті.
Менде енді тағы да сондай жағдай. Иə, білем, мынаны оқып мені жек көріп отырған боларсыздар. Менің 11 кластан бері араласып сөйлесіп жүрген жігітім болған. Бірақ менің басымнан өткен жағдайдан кейін ол мені тастап кеткен болатын. Сосын біраз уақыт өткен соң қайтадан қайтып келді маған бəрібір сені жақсы көрем деп. Мен оны жақсы көргендіктен оның сөзін қабылдаған едім. Бəрі жақсы боп жүріп жүрдік. Сосын менің одан аяғым ауырлап қалды. Сезімге ерік бердік. Ақылыммен əрекет қылмай нəпсінің етегіне ерік бердім. Ол үшін қазір өзімді жек көріп те жүрмін. Шынымды айтсам өліп қалғым келеді. Қазір балама 4 айдан асып барады. Ол басында алдырамыз деп жүрді, бірақ жоқ боп кетті. Мен оны мазалап қоймадым, соңында ол маған үйдегілерге айтамын деп сөз берді. Бірақ одан кейін сөзінен тайып, қалай айтам деп тағы шықты. Сосын мен жыным ұстап оның үйіне өзім бардым.Ата-анасымен сөйлестім. Әкесі жігітімнен: "енді үйленесің ба" деп сұраған еді, ол жоқ деп жауап берді. Əке-шешесінің маған айтпаған сөзі жоқ. Барлық кінəні өзіме жауып тастады. Барғаныма өкініп қалдым. Бұл жағдай жайлы анам əлі білмейді. Бірақ маған анам ескерткен болатын екінші рет сондай жағдай қайталанса, бар да асылып өліп қал деп. Əке-шешемді іш құса қып өлтіретін болдым əбден. Жігітім мен сені алмаймын, бірақ баланы ту, қолымнан келгенше көмектесемін дейді. Бірақ ол сөзінде тұрмайды. Оның сөздеріне сенбеймін мүлдем. Қанша жек көріп отырсаңыздар да сіздерден өтініп сұраймын. Не істесем болады өтініш, мені сөгіп ұрыспаңыздаршы. Онсызда қиналып жүрмін. Араларыңызда психологтар болса маған көмектесіңіздерші. Барлығыңызға Алланың Нұра жаусын.
Дереккөз: Alashainasy.kz