Қазақстанның басым облыстарында 18-19 шілдеде күн салқындайды, деп хабарлайды «Қазгидромет».
Синоптиктердің болжамы бойынша, алдағы бір-екі күнде еліміздің көп бөлігінде жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады. Бірақ 18-19 шілдеде циклонның әсерінен республика аумағында нөсерлі жаңбыр, 15-23 м/с жел тұрады деп күтіледі.
«Температураның солтүстік аймақтарда күндіз +15...25ºС, орталық және шығыс өңірлерде +20...28ºС, кей жерлерде 31ºС, батыста +27...33ºС төмендейді.
«Бұл температуралар әдеттегі нормадан 4...8ºС төмен», делінген хабарламада.