$ 494.87  520.65  4.91

Қызылорда облысында қираған көпірдің бір бағыты жөнделді

«Қызылорда-Жалағаш-Самара-Шымкент» Р-33 автожолының 79+800 шақырымында орналасқан көпірдің бір бағытына жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды Skifnews.kz.

«Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметі таратқан мәліметі бойынша, жөндеу кезінде дәнекерлеу, бетон құю және қалып орнату жұмыстары атқарылды. Ендігі жерде көпірдің екінші бағытын жөндеу жұмыстары атқарылуда.

Еске сала кетсек, 2014 жылдың 15 маусымы күні аталған көпірге шектен тыс салмақ түсуіне байланысты ауыр жүк көліктерінің қозғалысы шектелген болатын. Жол бөлігінде қажетті жол белгілері қойылып, тәуліктік кезекшілік атқарылған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары