$ 439.4  473.54  4.76

Елімізде туберкулезбен сырқаттану төмендеді

Қазақстанда туберкулезбен сырқаттану 6 жылдың ішінде 1,6 есеге төмендеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Алексей Цой Астана қаласында өткен «Көші-қон және туберкулез: Орталық Азия елдерінде туберкулезді трансшекаралық бақылау» атты аймақтық кездесуде мәлімдеді.

«Саламатты Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында халықтың туберкулезбен сырқаттануын төмендетуде айтарлықтай жетістіктерге қол жеткіздік. Елімізде аталған аурумен сырқаттану 6 жылдың ішінде 1,6 есеге, оның салдарынан туындайтын өлім-жітім 2,6 есеге төмендеді», - деді вице-министр.

Вице-министр әртүрлі сараптамалық бағалаулар бойынша Қазақстан жыл сайын 300-500 мыңнан 1 млн-ға дейін еңбек мигранттарын қабылдайтынын, олардың 15%-ы жұқпалы аурулармен, оның ішінде туберкулез және АҚТҚ-мен ауыратынын мәлімдеді. Отандарына ауруы анықталған 10 адамның көп дегенде біреуі ғана қайтарылады. Өзге мигранттар еліміздің денсаулық сақтау жүйесіне өз ауыртпашылығын жүктеп отыр. Шамамен мигранттар ағынының үштен бір бөлігі Алматы мен Астана қалаларына шоғырланған.

Шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Ресей және Өзбекстан елдерінің жетекші мамандары, денсаулық сақтау және көші-қон мәселелерімен айналысатын министрлік пен ведомстволардың, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының, көші-қон және ұлттық туберкулезге қарсы орталықтарының, сонымен қатар, ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары