$ 494.87  520.65  4.91

Бас мүфти қазақстандықтарды Айт мерекесімен құттықтады

Серікбай қажы Ораз Ораза жабырқаған жанды демеп, қарияларды қуанышқа бөлеп, көмекке мұқтаж адамның алғысы мен батасын алу - ол да сауапты амалдың бірі екендігін атап айтты.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қазақстандықтарды Айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.  

«Баршаңызды күллі мұсылман үмбетінің ұлық мерекесі - ораза айтпен құттықтаймын. Әр отбасына бақ пен береке, бірлік пен игілік тілеймін. Алла Тағала отыз күн тұтқан оразамызды, жасаған құлшылық-ғибадатымызды, берген садақымызды, барша игі ималымызды қабыл етіп, мол сауаптан жазғай! «Айт» сөзі - «мерекелеу», «хал сұрасу», «бір-бірін қуанту», «қуанышқа топталу», «қарымта» деген мағыналарды білдіреді. Алла Тағала барша отбасына берекетін жаудырып, қасиетті рамазан айында ыждаһаттылықпен ауыз бекіткен жамағаттың қуанышын арттырғай!», - делінген Бас мүфтидің құттықтауында. 

Сондай-ақ, Серікбай қажы Ораз Ораза жабырқаған жанды демеп, қарияларды қуанышқа бөлеп, көмекке мұқтаж адамның алғысы мен батасын алу - ол да сауапты амалдың бірі екендігін атап айтты. 

«Ораза айт - отбасылық мереке. Мейрам күні ата-анамызға, кішкентай бүлдіршіндерге, ағайын-туыстарға сыйлық үлестіріп, оларды қуанышқа бөлеу - мерекенің сәнін арттыра түсетін игі іс. Жабырқаған жанды демеп, қарияларды қуанышқа бөлеп, көмекке мұқтаж адамның алғысы мен батасын алу - ол да сауапты амалдың бірі», - деді Бас мүфти.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ораза айт