$ 494.87  520.65  4.91

«Әйелім кеткен соң жабыса бастады»: ер адам балдызының кесірінен отбасы ойран болғанын айтты

Әйелім бірде ауруханаға баратын болып, балалармен отыра тұршы деп сіңлісін шақырды. Келіншегімді апарып тастаған соң  3 сағат бекер күтіп отырмайын деп  көлігімдегі заттарды үйге апармақ болдым.
Фото: ptzgovorit.ru
Фото: ptzgovorit.ru

Басымнан өткен жағдайды баяндап берейін. Менің бірінші әйелімнен 3 балам бар, ол 3 жыл бұрын қайтыс болып кеткен. Арада уақыт өткен соң  екінші әйел алдым.  Оның сіңлісі бар, сол қыз маған үнемі жылы болып жүретін, балалрыммен ойнап, селфи жасап, жанымыздан шықпайды. Кейінгі кезде ол бізге қонаққа жиі келетін болды, оған мән бермейтінмін. 

Әйелім бірде ауруханаға баратын болып, балалармен отыра тұршы деп сіңлісін шақырды. Келіншегімді апарып тастаған соң  3 сағат бекер күтіп отырмайын деп  көлігімдегі заттарды үйге апармақ болдым. Үйге келсем, балдызым мағанжабысып, жақсы көретінін айтты. Ол қыз мені ұнатып қалыпты. Оның бұл қылығына ашуланып, үйден қуып жібердім. Клиникаға балалармен барсам, әйелім жылап отыр, не болды десем, сіңілісі  бірінші звандап үлгеріпті.  Мен оған тиісті, санынан ұстады, мойнымнан сүйді деп шағымданыпты. Не айтарымды білмей қалдым. Киімдерімді жинаймын деп кетіп қалды үйіне. Айтсам, жағдайды түсіндірсем, ештеңеге көнбейді. 

Сіңлісі ауру, жап-жақсы жанұяны құртып кетті.  Енді не істесем болады, басым қатып кетті. Әкесіне айтсам, балам біздің үйге жолаушы болма дейді. Енді жұмысының алдында әйелімді күтіп отырмын, қашып жүр, сөйлескісі келмейді. Мен енді не үшін  кешірім сұрауым керек жасамаған ісіме, кешірім сұрасам,  сіңлісіне тиісіпті деп ойлап қалады ғой. 

Дереккөз: Alashainasy.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#отбасы