$ 444.32  473.33  4.76

Шымкент қалалық қорғаныс істері департаментіне жаңа басшы тағайындалды

Алмаз Тілеуханұлы Тілеуханов 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында туған.
Фото: ҚазАқпарат
Фото: ҚазАқпарат

Шымкентте қорғаныс істері жөніндегі департаментке жаңа басшы тағайындалды. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығымен бұл қызметті полковник Алмаз Тілеуханов атқаратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алмаз Тілеуханұлы Тілеуханов 1976 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданында туған. Алматы қаласының Жоғарғы жалпы әскери командалық училищесін және ҚР ҚМ Ұлттық қорғаныс университетін бітірген. 

1997 жылы әскери қызметін Аягөз гарнизонында бастаған. Әскери қызмет барысында  А.Тілеуханов әскери бөлімдер мен әскери полиция, Шығыс Қазақстан облысы және Қарағанды облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменттерінде түрлі деңгейдегі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. 

Тағайындауға дейінгі атқарған соңғы лауазымы - Солтүстік Қазақстан облысы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы. 

I, II, III-дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» және бірқатар мерейтойлық медальдармен марапатталған.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Шымкент