$ 447.4  477.55  4.76

Семей колледжінің кітапханасында жабайы бұлан жүр (ВИДЕО)

Биологиялық орталықтың мамандары жануардың бір жасар екенін анықтаған. Жергілікті тұрғындар бұланның қарағай орманынан келгенін алға айтады.

Семей қаласының оқу орындарының бірінде қызықты жайт болды. Колледж кітапханасында мұғалімдер жабайы бұланды көріп, таң қалды, деп жазады yunews.kz.

«Жабайы бұлан терезені сындырып кірген екен. Түскі үзіліс кезінде кітапханада ешкім болмаған. Жануар осында 10-15 минут кідірген. Үзілістен келген қызметкерлерді көріп, терезеден қайта секіріп, темір жол вокзалына қарай қашып кетті», - дейді куәгерлер.

Биологиялық орталықтың мамандары жануардың бір жасар екенін анықтаған. Жергілікті тұрғындар бұланның қарағай орманынан келгенін алға айтады.

Оқу орнының терезелері қалпына келтірілді.  Куәгерлер терезеден секірген бұланның өзі аздап жарақат алған дейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары