$ 444.32  473.33  4.76

Әлеуметтік желіде ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өту бастамасы қолдау тапты

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстанға барған жұмыс сапарында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын тиісті деңгейде атап өту керектігін айтқан болатын.

Әлеуметтік желіде ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өту бастамасы халық арасында қолдау тауып, үлкен «ақпараттық толқын» тудырды. 

«Болашақ» бағдарламасының түлегі Шәкенова Шынар бастаған challenge-ді танымал блогерлер мен вайнерлер де қолдап, әлеуметтік желі #Abai175 хэштегімен жазбаларға толды. Бұл бастама қоғамда Абайды дәріптеуге, шығармасын жастар арасында заманауи тұрғыда жаңаша бағытта насихатталуға бағытталса керек. 

Бүгінде challenge 9 мыңдай адамды қамтып, 582 әлеуметтік желі қолданушысы ұлы Абайдың шығармаларынан үзінді оқып, мерейтойды қолдайтын пост жариялаған. Ақынның өлеңдерінен үзінді оқып шығарып жатқандар қатары күн санап артып келеді. 

Бұған дейін Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстанға барған жұмыс сапарында Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын тиісті деңгейде атап өту керектігін айтқан болатын. 

Артынша, 2019 жылдың 30 мамыр күні Қасым-Жомарт Тоқаев Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толуына орай мерейтойды атап өту туралы қаулыға қол қойды. 

Президент бастамасы халық арасында кеңінен қолдау тауып, халық Абай мұрасының дәріптеліп, әсіресе жастар арасында кеңінен таралуы керек деген пікір білдіруде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Абай