Жаңалықтар 05.06.2019 сағат 18:10

«Төсектен тұрмау керек»: Жыныстық қатынастан кейін не істеген дұрыс?

Бұл әйелдің жыныстық ауруларының алдын алады (цистит, инфекциялық жыныстық жұқпалы аурулар).
«Төсектен тұрмау керек»: Жыныстық қатынастан кейін не істеген дұрыс?
Фото: ernur.kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бұл әйелдің жыныстық ауруларының алдын алады (цистит, инфекциялық жыныстық жұқпалы аурулар).

Төсек ләззатының шырмауынан шыға алмай, сол бір тәтті сәтті соза түсуді қалайсыз ғой?! Алайда, киноларда көрсетіліп жатқандай, терең сезімнің құшағында ұйқыға кетпестен бұрын, өмірде басқаша болатындығын ескеріңіз, деп хабарлайды ernur.kz.

Біріншіден... Жыныстық қатынастан соң жуынып-шайынуға асығып тұра жүгірмей, аз уақыт болса да ерлі-зайыптылар бір-бірін құшақтап жата тұру бір-біріне тән жақындастығын ғана емес, рухани жан-дүниенің де бірігуіне өз әсерін тигізеді. Ерлі-зайыпты төсек қатынасынан соң дереу бөлініп кетпей, құшақтарын айырмауы олардың бір-біріне қаншалықты керек, қаншалықты жақын адам екендіктерін сездіруге таптырмас мүмкіндік.

Екіншіден... Әйел адам арада белгілі бір уақыт өткеннен кейін, жуыну бөлмесіне кіріп, дәрет алардан бұрын әжетті өтеп алу керек. Әжетті өтеудің қажеттілігі болмай, қуық бос болған жағдайда да күшеніп зәрді аз болса да шығаруы керек. Бұл әйелдің жыныстық ауруларының алдын алады. Яғни, әйелдерде жиі кездесетін цистит және инфекциялық ауруларды болдырмауға жасалынатын алғашқы қадамдардың бірі.

Үшіншіден... Ер адам да, әйел де қатынастан соң ұйқыға кете салмай, жуынып жатуы керек.

Төртіншіден... Егер жүктілікті жоспарлап жүрген болсаңыз, әйел жыныстық қатынастан соң жарты сағат бойы төсектен тұрмай, аяқтарын бастан сәл ғана биіктеу етіп жоғарыға көтеріп жатқаны жөн. Бұлай жасау - ұрықтың құрсаққа тезірек орналасып, әйелдің жүкті болуына септігін тигізеді.

Бесіншіден... Жыныстық қатынас аяқталғаннан кейін кейбір ер адамдар контрацепция негізінде ұрықты сыртқа шығаруға ұмтылады. Бұл жағдайға әдеттеніп қалған ер адамның да, оның жұбының да денсаулықтарына айтарлықтай теріс әсер ететінін біле бермеуі де мүмкін. Сондықтан, жүктіліктен сақтанудың бұл жолын таңдасаңыз да жиі жасап, әдетке айналдыруға болмайды!

Мұның зияны:

1) Ер адам жыныстық қатынастық ләззатын толықтай сезіне алмайды.

2) Уақыт өткен сайын төсек қатынасын аяқтауда денсаулыққа қатысты түрлі мәселелерге жолығады.

3) Әйелде жыныстық қатынастан ұдайы қанағаттанбаушылық көрініс табады. Төсек қатынасынан ләззат ала алмаған әйелдің басқа да ағзаларына зиян келеді.

4) Жыныстық қатынастан соң, ешқандай жуынуға арналған интимдік тазарту құралдарын пайдаланбағаныңыз жөн. Өйткені, бұл жыныс мүшесінің тітіркенуіне алып келеді.

5) Жыныстық қатынастан соң демалып, жыныстық құштарлықты қайта қалпына келтіріп, күш жинап алуға мүмкіндік береді.

 6) Егер төсектен тұрмай жатып, қайтадан бірігіп кетуге құштарлығыңыз оянса, жалғастыруға болады.

7) Жыныстық қатынас ер мен әйелдің арасындағы физиологиялық байланыс қана емес, рухани жақындасу болып қалыптасуы үшін жұбайыңызға "РАХМЕТ" айтуды да ұмытпаңыз!

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар