06.06.2019, 12:32

АИ-92 бензині арзандады

Фото: kolesa.kz
Нарықтағы ірі бес ойыншының үшеуі АИ-92 бензинінің бағасын төмендеткен.

Қазақстанда 92-бензин бағасы арзандады. АИ-92 бензинінің бағасы шамамен 2 теңгеге төмендеген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Қазақстанда көктемнің алғашқы айында безнин бағасы тұрақты болған еді. Алайда мамыр айында жағдай өзгерді. Нарықтағы ірі бес ойыншының үшеуі АИ-92 бензинінің бағасын төмендеткен. Helios станцияларында баға 147 теңгеден 145-ке, Sinooil-да 149 теңгеден 145-ке төмендеген. Ал «Газпром» станцияларында бензин 146 теңгеден сатылып жатыр.  «ҚазМұнайГаз» бен Royal Petrol-да баға өзгеріссіз қалған. Тиісінше, онда 149 және 145 теңгеден сатылуда.

Ал дизель бағасы барлығында өзгеріссіз қалған. Жанармайдың ең арзан бағасы Royal Petrol-да. 188 теңгеден сатылып жатыр.  Helios пен «Газпромда» бір литрінің бағасы – 193 теңге.

Тегтер: бензин АИ92