$ 446.49  475.38  4.79

Мемлекет басшысы бірнеше елшіні ауыстырды

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов ҚР Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.
Фото: Sputniknews.kz
Фото: Sputniknews.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов ҚР Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен Аркен Кеңесбекұлы Арыстанов ҚР Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне, Дәурен Айтбайұлы Кәріпов ҚР Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне, Айдарбек Ануарбекұлы Тұматов ҚР Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды», - делінген Ақорданың баспасөз хабарламасында.

Сонымен қатар, Қазақстан президентінің Жарлықтарымен Үсен Әбдіқадырұлы Сүлеймен ҚР Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, ҚР Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан, Болат Тұрарұлы Нүсіпов ҚР Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Азамат Рахманқұлұлы Бердібай ҚР Иордан Хашимиттік Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, ҚР Ирак Республикасындағы, Ливан Республикасындағы, Палестина Мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарудан босатылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары