06.06.2019, 16:15

Агенттік халықты «ремонтқа» ақша жинаушыларға қарсы шығуға шақырды

Фото: 24.kz
Агенттіктегілер еліміздің барлық өңірлеріндегі білім басқармалары хабарлағандай, жөндеу жұмыстарына қажетті қаражат толық көлемде мемлекет есебінен бөлінетінін атап өтті. Осылайша, ремонтқа ақша жинастыру заңсыз.

Елдің барлық өңірлерінде жөндеу жұмыстарына қажетті қаражат толық көлемде мемлекеттен бөлінеді.

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мектеп, балабақшада «ремонтқа» ақша жинау мәселесіне кезекті рет назар аударды, деп хабарлайды Zakon.kz.

– Қазір мектептер мен балабақшаларда заңсыз ақша жинау фактілері бойынша азаматтардан арыздар жиілеп отыр. Сондай-ақ, мұғалімдер мен тәрбиешілерден де мәжбүрлі түрде ақша жинату деректері туралы хабарлар келіп түскен, – дейді агенттік.

Агенттіктегілер еліміздің барлық өңірлеріндегі білім басқармалары хабарлағандай, жөндеу жұмыстарына қажетті қаражат толық көлемде мемлекет есебінен бөлінетінін атап өтті. Осылайша, ремонтқа ақша жинастыру заңсыз.

Агенттік азаматтар мен қызметкерлерді білім беру ұйымдарындағы "ақша жинағыштарға" белсенді түрде қарсы шығуға шақырады. Ақша жинау фактілері бойынша "Адалдық алаңы" кеңселерінің басшыларына электронды пошта, мессенджерлер арқылы немесе мына телефон нөмірлері арқылы: http://kyzmet.gov.kz/ru/pages/kontaktnye-dannye-regionalnyh-proektnyh-ofisov хабарласуға болады.

Құпиялық сақталады.