$ 494.87  520.65  4.91

Тәтті тағамдарды тартымсыз қораптарға салу ұсынылды

2007 жылдан бастап адамдарды темекіден бас тартуға итермелейтін түрлі амалдар ойлап табылды. Енді қантпен де осы бағытта күресетін уақыт жетті.
Фото: Массагет
Фото: Массагет

«Соңғы онжылдықта темекіге қарсы күрес күшейді. 2007 жылдан бастап адамдарды темекіден бас тартуға итермелейтін түрлі амалдар ойлап табылды. Енді қантпен де осы бағытта күресетін уақыт жетті», деп жазады Қазақпарат ВВС басылымына сілтеме жасап.

«Ұлыбританияның Мемлекеттік саясат зерттеулері институты (IPPR) тәтті тағамдарды тартымсыз (сыртқы қорабы нашар, жағымсыз безендірілген) қораптарға салуды ұсынды. Институт директоры Том Кибасидің айтуынша, бұл да қантпен күресу үшін маңызды құрал бола алады. Дегенмен, азық-түлік федерациясы брендингтің «коммерциялық еркіндікке» негізделгенін айтып, бәсекелестік үшін тәттілердің сырт келбеті де маңызды екенін атап өтті. Енді денсаулық сақтау және әлеуметтік қамту департаменті Англияның бас медицина директоры, профессор Дам Салли Дэвистің шешімін күтуде», деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, 2030 жылға дейін балалар семіздігін азайту үшін қазірден әрекет ете бастау керек.

«IPPRдің тағы бір ұсынысы - тәтті сусын мен басқа да азық-түліктерге салықты көбейту. Дегенмен, бұл әлі бекітілмеді. Балалар семіздігі туралы жиі айтылып жүргендіктен, енді қантпен күресу туралы да жиі айтылатын болады», деп жазады автор.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#күресу #тәтті