Блогер әрі заңгер Камиша Есмұхамбетқызы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында желілік маркетинг жайлы жазба қалдырды.
«Достар, қазіргі таңда алаяқ компаниялар көбейіп барады, алтын көрсе періште жолдан таяды дегендей, босқа сетевой маркетинг, перамидаға қаражат салып, өкініп қалмаңыздар. Қанша күнен бері «желілік маркетингтан алдандым» деп шағымданушылар қатары күрт артып келеді. Біріншіден сетевой маркетингке барған адам ол өзі үшін тәуекелге барады, екіншіден беймаза өмір сүреді, үшіншіден үнемі өкініште жүреді.
Сондай өмір ұнаса, кіре беріңіздер. Кейбір кісілерге «жасөспірімдерді бейімдеу орталығының жаңа форматын ашқым келеді. Қаржылай көмек бере аласыз ба?» десем, «қой ондай жобаңа ақша салмаймын, ол маған қайтып келмейді» дейді. Сосын пирамиданың құрбаны болып, ақшасы шашылып заңды кеңес сұрайды. Масқара, штаны шешілгенде мен керекпін, ал ақшасы барда адам құрлы өмір сүруден безінеді», – деп жазды заңгер.